Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Генерал Гулахмадзода Тәжікстанда күшпен мәжбүрлеп, әскерге әкету тәжірибесі бар екенін растады

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның Қаржыны бақылау және коррупциямен күрес агенттігінің Куляб аймағы бойынша басқарма басшысы, генерал Жамшед Гулахмадзода елде ұландарды күшпен әскерге алып кету тәжірибесі бар екенін растады.

Генерал Гулахмадзода журналистерге күшпен әскерге алып кету болмаса, университеттер мен колледждер көмек бермесе, Куляб қаласы әскерге шақыру бойынша жоспарды орындау бойынша 25-тен 15-орынға көтеріле алмас еді деді.

«Милиция қызметкерлерін, ауылдық кеңес жұмысшыларын, азаматтық белсенділерді, университет және колледж жетекшілерін тартып, нәтижесінде 15-орын алдық», — деді шенеунік.

Ол журналистің “Күшпен мәжбүрлеу тәжірибесіне сүйендіңіз бе?” деген сұрағына “Ия, солай! Қалаған жағыңа шағымдан!” деп жауап берді.

Тәжікстанда әскерге шақыру жылына екі рет – жазда және күзде орын алады. Онда 18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтар әскерге шақырылады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM