Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Германия «Леопард» танкілерін Украинаға беретін болды

KAZAKBOL.COM

Германия билігі «Леопард» танкілерін Украинаға беруге келісті. Бұл туралы 24 қаңтарда Der Spiegel журналы хабарлады. Бұл уақытта Вашингтон Киевке М1 «Абрамс» танкілерін беру мәселесін қарап жатқаны мәлім болды.

Журнал дерегінше, Германия канцлері Олаф Шольц Украинаға 2A6 санатына жататын озып үлгідегі «Леопард 2» танкілерін беру туралы шешім қабылдады. Осылайша Украина Германиядан бір танк ротасын, яғни он дана техника алады.

Бұған қоса Берлин басқа да елдердегі неміс танкілерін Украинаға беруді мақұлдайды. Бұған дейін Германиядан танк алған елдер оны өндірушінің рұқсатынсыз басқа елге бере алмайды.

Бұның алдында Польша, Нидерланд және Испания «Леопард» неміс танкілерін Украинаға бергісі келгені мәлім болған. Оларға Италия, Дания және Финляндия қосылуы мүмкін.

ABC арнасының украин дереккөзіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Германия рұқсатымен Киев 12 елден жүз жақты «Леопард» танкілерін алады.

24 қаңтарда The Wall Street Journal АҚШ президент Джо Байден әкімшілігі М1 «Абрамс» танкілерін Украинаға бергісі келетінін хабарлаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM