Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Германия Ресей мұнайын Америка шикізатымен алмастыра бастады

KAZAKBOL.COM

АҚШ-тың Луизиана штатынан мұнай тиеген танкер Германияның Росток қаласына бағыт алды. Бұл бір ай ішінде АҚШ мұнайын Германияға тасымалдауға бет алған екінші танкер. Ise Princess танкерінің бортында 570 мың баррель мұнай бар, деп жазды Reuters агенттігі.

Америка, Норвегия, Батыс Африка және Таяу Шығыс елдерінен экспортталатын мұнай «Дружба» құбыры арқылы Германияға жеткізілетін Ресей мұнайын алмастыруы тиіс. Еуроодақ жыл соңына дейін Ресей мұнайы импортын 90 пайызға қысқартуды көздеп отыр.

Мексика шығанағында өндірілетін Mars маркалы мұнай құрамы жағынан ресейлік Urals-қа ұқсас. Тамыз айының басында Ростокқа жеткізілген Америка мұнайының алғашқы партиясы PCK Schwedt мұнай өңдеу зауытына түскен. Бұл компания акциясының басым бөлігіне «Роснефть» иелік етеді. «Роснефть» өткен аптада мұнай теңіз арқылы импортталатындықтан Германияда жанар-жағармай қымбаттайды деп мәлімдеген.

Маусымның басынан бері АҚШ-та өндірілген мұнай бағасы барреліне 122 доллардан 87 долларға дейін арзандаған. Ал мұнай өндірісі 12 млн баррельге жеткен еді. Бұл 2021 жылдың басымен салыстырғанда 20 пайызға көп. Биыл маусымда АҚШ күніне 3,5 млн баррель мұнай өндіріп, мұнай экспорттаудан рекордтық көрсеткішке жетті. Американың энергетика бойынша ақпарат басқармасы мұнай өндірісі мен экспорты көбейеді деп болжайды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM