Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Германия Украинаға $3 млрд әскери көмек береді

KAZAKBOL.COM

Украина президенті Владимир Зеленский Германияға сапарлап келді. Берлинде ол Германия басшысы Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті.

«Украинаның қазіргі заманғы тарихындағы ең күрделі кезеңде Германия өзінің нағыз дос әрі сенімді одақтасы екенін дәлелдеді. Демократия құндылықтары мен еркіндігін қорғау бойынша күресте украин халқын қолдаудан айнымайды. Бәріміз бірге жеңеміз және Еуропаға бейбітшілікті қайтарамыз» деп жазды Зеленский президент резиденциясындағы құрметті қонақтарға арналған кітапта.

Кейін Украина басшысы Германияның федералдық канцлері Олаф Шольцпен келіссөз жүргізді.

Зеленскийдің сапарына байланысты Берлинде қауіпсіздік шаралары күшейіп, қозғалыс шектелді.

Украина басшысы Берлинге жексенбіге қараған түні Италиядан ұшып келді. Оның ұшағына Германияның әуе қорғаныс күштері ілесіп жүрді.

«Берлин. Қару. Ірі пакет. Әуе шабуылынан қорғайтын жүйе. Реконструкция. ЕО. НАТО. Қауіпсіздік» деп жазды Зеленский Германияға ұшып келгеннен кейін Twitter-дегі парақшасында.

Зеленский «ірі пакет» деп бұған дейін Германия билігінің Украинаға шамамен 2,7 млрд еуро (3 млрд доллар) көлемінде бөлген әскери көмегін айтып отыр. Бұл Ресей басқыншылығы басталғалы бергі ең ірі көмек.

Зеленский мен Шольц Берлиннен кейін Германияның Ахен қаласына барады. Ол жақта Украина президентіне Еуропадағы бірлігіне үлес қосқаны үшін Ұлы Карл атындағы сыйлық тапсырылмақ.

Бір күн бұрын Украина президенті Италияда осы ел басшылығы және папа Францискпен кездескен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM