Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Головкиннің тісін қағып аламын деген боксшы қарсыласын бірінші раундта құлатты (видео)

KAZAKBOL.COM

Фото: Fightnews.info

Түркиялық боксшы Авни Йылдырым 2017 жылғы маусымын сәтті бастады, ол шаршы алаңда беларусь боксшы Александр Сущицді тізе бүктірді деп хабарлайды vesti.kz.

25 жастағы спортшыға қарсыласын жеңу үшін бірінші раундтың жартысы ғана жеткілікті болды.

«Тез аяқталған кездесуде Йылдырым оң қолымен жақсы соққы жасады, есеңгіреп қалған Александр бұрышқа тізерлеп отырып қалды», — деп жазады басылым.

Еске салайық, Орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша үшінші орында тұрған түркиялық Авни Йылдырымның промоутері Ахмет Онер орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге қатысты жағымсыз сөздер айтқан болатын.

Ол: «Авни оны жеңіп қана қоймай тістерін түгелдей қағып алады», — деп мәлімдеген.

 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM