Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Гонконг компаниясы Тәжікстанда біркелскен майнинг-жобаны іске қосады

KAZAKBOL.COM

Гонконгтың Lion Group Holding компаниясы 18 қарашада New Full Rich компаниясымен бірге Тәжікстанда бірлескен майнинг-жобаны іске қосқысы келетінін хабарлады. New Full Rich компаниясының Тәжікстанда Ganj Technology компаниясы бар.

Гонконгтағы екі компания Тәжікстанда криптовалюта немесе цифрлы ақша өндіруге арналған инфрақұрылымды іске қосу жөнінде әріптес болатынын мәлімдеді.

Хабарларға қарағанда, New Full Rich компаниясының Тәжікстандағы Ganj Technology компаниясы үкіметтен, Тәжікстан президентінің атқарушы аппаратынан және 12 мемлекеттік министрліктен елдегі еркін экономикалық аймақтардың бірінде крипто-ферма құруға рұқсат алған.

Құрылыстың алғашқы кезеңі 2022 жылдың алғашқы тоқсанында аяқталады. Жобадан жылына кем дегенде $25 млн. пайда түседі, делінген Lion Group Holding компаниясының сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Бұрындары биткоиндар мен басқа да цифрлы монеталарды қарапайым компьютерлермен өндіретін, енді майнингке арналған ірі өндіріс орындары іске қосыла бастады. Ол үшін майнинг-компаниялар түрлі крипто-фирмалар ашып жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM