Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ГОНКОНГТЕ ҚАНША ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАМАУДА ОТЫР?

KAZAKBOL.COM

Гонконгтегі қақтығыс кезінде ұсталған Қазақстандық студент қазір тергеу изоляторында отыр. 19 жастағы азаматқа әзірге ресми айып тағылмапты. Ал жақындары жергілікті полицияның Әбілқайырға  жала жауып отырғанын айтуда. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қаладағы шерулер әлі жалғасып жатқандықтан, студенттерге оқу келер жылға дейін тоқтатылды. Қазірдің өзінде 200-ден астам  қазақстандық елге оралған. Ал, қамауда отырған отандасымыздың тағдыры не болмақ? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Биліктен экстрадациялау туралы заң жобасын түбегейлі алып тастауды талап етіп отырған Гонконг жұртының наразылығы 6 айдан бері жалғасып келеді. Қазіргі кезде төтенше жағдайға айналған шеру басында тек бейбіт акция ретінде басталып еді.

Демонстранттар полиция қызметкерлерін тоқтату үшін  садақ, катапульта мен түрлі жарылғыш  заттарды қолдануда. Бүгінге дейін қақтығыстың ошағына айналған политехникалық университеттің 400-ге жуық студенті қамауға алынды. Қатарында отандасымыз Әбілқайыр Нүкпи де бар. 19 жастағы жерлесіміз  шеруге қатысып, «Молотов коктейлін», яғни жанармай құйылған шөлмекті пайдаланды деп айыпталып отыр.

АЙБЕК СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
«Біздің қазақстандық студент жергілікті полициямен тұтқындалған болатын. Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр. Оның әке-шешесі бүгін Гонконгқа ұшып келді. Біздің дипломаттар бірнеше рет ол жігітпен кездесті.»

Алайда,  жақындары Әбілқайырға тағылған айыппен еш келіспейді. Оған жергілікті құзырлы органдар жала жауып отыр, дейді.

ДИДАР ҒАЛЫМЖАНОВ, ӘБІЛҚАЙЫР НҮКПИДІҢ ДОСЫ
«Коктейл Молотова болды дейді. Бірақ ол мүмкін емес. Қанша 300 адам ұсталынды сонымен бірге сол күні. Сол 300 адамның ішінен Әбілқайырдың қолында болды дегенге сенбеймін.»

Қазір Гонконктегі жоғары оқу орындары жұмыстарын  келер жылдың қаңтар айына  дейін тоқтатқан. Бүгінге дейін 209 қазақстандық студент елге оралыпты. Олардың қатарында қарағандылық   Диана Жақыпова да бар.

ДИАНА ЖАҚЫПОВА, ГОНКОНГТЕН ОРАЛҒАН СТУДЕНТ:
«Ата-анам, туыстарым мен үшін өте қатты уайымдады. Сондықтан мен көп ойланбай заттарымның барлығын жинап, елге ораламын деп шештім. Алайда Гонконгте қалып қойған достарым көп.  Олармен күнде сөйлесіп тұрамын. Олар қаладағы жағдай тіпті ушығып кетті дейді.»

Алайда қалада төтенше жағдай әлі жарияланбай келеді. Тіпті, 30-дан астам отандық студенттің елге қайтқысы жоқ.  Ал 19 жастағы жерлесіміз қазір тергеу изоляторында отыр. Оның ісіне қатысты екінші сот тыңдалымы осы айдың соңында болады деп жоспарланған.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM