Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Грозный қаласында Құранды өртеуге қарсы митинг өтті

KAZAKBOL.COM

Шешенстанда Құранды өртеуге қарсы митингіге студенттер мен бюджет қызметкерлерін көптеп алып келген. Бұл туралы Кавказ.Реалии редакциясына қаланың бірнеше тұрғыны хабарлаған.

Ресейдегі Волгоград қаласының мешітінде мұсылмандардың қасиетті кітабы өртелгені туралы видео әлеуметтік желілерде 19 мамырда жарияланған.

Грозный қаласындағы митинг 23 мамырда күндіз Баспа үйі маңындағы алаңда басталды. Ресейдегі «діндарлардың ар-ұжданына тиетін» акцияларды Украина мен Батыстың арнайы қызметтері қаржыландырады, деп мәлімдеді Шешенстан парламентінің төрағасы Магомед Даудов. Бірақ ол мұндай айыпқа ешқандай дәлел келтірген жоқ.

Наразылық акциясына қатысушылар Рамзан Қадыровтың суретін, «Қасиетті кітапқа тиме!», «Менің дінім — менің өмірім» деп жазылған плакаттар ұстап тұрды. Шешен билігінің хабарлауынша, митингіге 60 мың адам қатысқан. Оған балама бола алатын тәуелсіз мәлімет жоқ.

Грозный қаласында оқитын студенттердің бірінің Кавказ.Реалии сайтына хабарлауынша, студенттерге түсте міндетті түрде Баспа үйі маңына жиналу керек деп айтқан. Министрліктің бір қызметкері алаңға не үшін жиналғанын білмегенін жасырмады.

Шешенстандағы мектептерге де жоғарыдан тапсырма түскен. Мекемелер алаңға бірнеше адам жіберуге міндетті болған.

23 мамырда таңертең «Шешенстан жүрегі» мешітіне мыңдаған адам жиналды, деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары.

Волгоградтың 19 жастағы тұрғыны Никита Журавель Құранды өртегені үшін үш жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Дүйсенбіде қалалық сот оны екі ай қамауда ұстау туралы шешім шығарды. Сот отырысы кезінде Журавель мұсылмандардан кешірім сұраған.

Тергеу нұсқасына қарағанда, Журавель мұсылмандардың қасиетті кітабын Волгоградтағы мешіт орналасқан ауданда өртеген. Күдікті украин арнайы қызметінен 10 мың рубль алу үшін осындай әрекетке барған деген де мәлімет тарады. Бұған қоса, Журавель әскери нысандарды видеоға түсіргенін айтқан. Киев осы оқиғаға қатысты әзірге ешқандай мәлімет таратқан жоқ.

Ресей тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин істі Шешенстандағы тергеушілерге тапсыруды бұйырған. Бұндай шешім қабылдауға «Шешенстан тұрғындарының көптеген өтініші» себеп болды деп хабарланған.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM