Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Грузияда еуроинтеграцияны қолдаушылар митингіне ондаған мың адам жиналды

KAZAKBOL.COM

Грузин оппозициялық күштерінің Тбилиси орталығы Руставели даңғылында өткен митингіне ондаған мың адам жиналды.

Мұндай бастаманы оппозициялық партияларға жақын «Сирцхвилия» үкіметтік емес ұйымы көтерді.

«Сирцхвилия» ұйымы «Грузияның еуроинтеграциясы» тақырыбынан басқа ұрын тастауға тыйым салды. Ұйым Еурокомиссияның 17 маусымда грузин үкіметіне қойған талаптары орындалғанын қалайды.

Брюссель грузин билігінен саяси өмірді «олигархтардан тазалауды», атап айтқанда, билік басындағы «Грузин арманы» партиясының негізін қалаушы миллиардер Бидзина Иванишвилидің саясатқа ықпалын азайтуды талап етті. Бұған қоса, ЕО сот жүйесін реформалауды қалайды. Грузия осы талаптарды орындаса, онда оған биыл желтоқсанда Еуроодаққа мүше болуға кандидат мәртебесі берілуі мүмкін.

Басты оппозициялық партия — Михаил Саакашвилидің «Біртұтас ұлттық қозғалысы» — оппозициялық күштердің бәрінің «ортақ ұранымен» келісті. Сол себепті алты жылға сотталған экс-президентті босату талабына қатысты ұрандар айтыла қоймады. Саакашвилидің өзі бұған риза емес. Митинг қарсаңында ол адвокаттарының көмегімен әлеуметтік желілерде бір митинг «ештеңе шешпейді» деп ескерткен.

Дегенмен митинг ұйымдастырушылар саясаткер уәжімен келісе қоймады. Бірнеше сағатқа созылған митинг «Сирхвилия» ұйымының үндеуімен «Еуропа алаңына» баратын жолда аяқталды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM