Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Грузияда Саакашвилиді босатуды талап еткен оппозиция түрме маңына жиналады

KAZAKBOL.COM

Грузиядағы «Біртұтас ұлттық қозғалыс» оппозициялық партиясының жетекшісі Ника Мелия бұрынғы президент Михаил Саакашвили отырған Руставидегі түрме маңында 2 қарашада мерзімсіз наразылық акциясы басталады. Оппозиция саясаткерді босатуды талап етіп отыр.

«Грузия наразылықты бастайды!» — деп жазды Мелия Facebook’тегі парағында. Оның хабарлауынша, акция жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат бесте басталады. Акция бұрынғы президент түрмеден босап шыққанға дейін созылады, дейді партия жетекшісі.

Михаил Саакашвили сайлаудың бірінші туры қарсаңында Грузияға оралып, одан соң ол түрмеге түскен соң, Грузияда саяси дағдарыс тереңдей түсті. Саясаткер түрмеде аштық жариялаған. Саакашвили бастамасымен құрылған «Біртұтас ұлттық қозғалыс» сайлаудың 30 қазанда өткен екінші турында дауыстар билік басындағы «Грузин арманы» партиясының пайдасына бұрмаланды деп мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша, «Грузин арманы» жергілікті сайлаулардың екінші турында 20 муниципалитеттің 19-да жеңіске жетті.

Саакашвили болса сайлауда «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» жеңді, бірақ Грузияда билікті меншіктеп алған «бандалар тобы» жеңісті бізден тартып алды» деп мәлімдеді. Саясаткер азаматтарды наразылыққа шығуға, «Грузин арманын» «билікті қайтаруға» үндеді.

Саакашвилидің ашығып жатқанына 33 күн болды. Әлеуметтік желіде саясаткер қатты жүдегенін, шамамен 20 келі салмақ тастағанын жазған.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM