Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Түркия: картинг дөңгелегіне шашы оралып қалған қыздың бас терісі сыпырылып кеткен

KAZAKBOL.COM

Қара теңіз жағасында орналасқан Түркияның Самсун қаласында картингпен жүрген түркімен қызы жарақат алды. Бұл жөнінде түрік басылымдары жазды. Бойжеткеннің шашы машина дөңгелегіне оралып, бас терісі сыпырылып кеткен.

Қызға бас терісі мен шашын қалпына келтіру үшін операция жасалған. Дәрігерлер қыз жасанды комадан шыққанымен жағдайы ауыр дейді.

«Шашы дөңгелекке оралып қалуы нәтижесінде, бас терісі бас сүйегінен ажырап кеткен. Сол себептен 19 май атындағы университеттің биология факультетінің 4-курс студенті, 22 жастағы түркіменстандық Нуржемал Анналиеваға ота жасалды. Ол өте ауыр жағдайда түскендіктен біз оны жасанды комаға түсірдік. Қазір ол өзіне келді, сұрақтарға жауап береді. Бірақ ол өзіне не болғанын білмейді», — деді емхананың бас дәрігері Реджеп Санджак.

Жергілікті «Сабах» газетінің тілшісі Мурат Али зардап шеккен Нуржемал Анналиевамен сөйлескенін жазады. «Мен мұндай машинаға бірінші рет міндім. Оның алдында бірнеше рет жәй бақылағам. Біз достарымызбен картингпен жүріп, көңіл көтергіміз келді. Бірақ маған шашымның ұзындығы қауіп келтіруі мүмкін деп ескерткен. Біз бірінші айналым жасаған кезде, менің шашым дөңгелекке оралып қалды, мен құлап қалдым. Бірақ ешкім маған шашыңды жинап ал деп ескертпеді. Бұл олардың салғырттығы болды. Мен кінәлілерді сотқа беремін», — деген зардап шеккен қыз.

Самсун қаласының полициясы бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM