Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Бішкекте 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталған милиция қызметкерлері кінәні мойнына алмады

KAZAKBOL.COM

12 шілдеде Бішкектің Свердлов аудандық сотында 13 жастағы қызды зорлау ісі бойынша отырыс жалғасты.

Бұл істе екі милиция қызметкері мен бұрын сотталған бір адам айыпталып жатыр. Жәбірленуші тараптың адвокаты Тимур Сұлтановтың айтуынша, отырыста үш куәгер тартылып, біреуі келмей қалғандықтан, процесс 13 шілдеге шегерілген.

«Қазір айыпталушылар кінәні мойнына алмады. Бірақ отырыс барысында тағы белгілі болады», — деді адвокаты.

Сұлтановтың сөзінше, айыпталушылардың адвокаты ол қорғап жатқан адамдардың суретін әлеуметтік желіде таратқандарды жауапқа тартуды сұраған.

12 шілдедегі отырыста Омбудсмен институтының және Қырғызстанның балалар құқығын қорғау өкілдері кіргізілген жоқ. Сот жабық өтті.

2 шілдеде Азаттықтың қырғыз қызметі милиция қызметкерлерінің жеткіншек қызды зорлау ісі бойынша мақала жариялаған.

Онда Бішкектің Свердлов аудандық сотында 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталған екі милиционердің және бұрын сотталған бір адамның ісі қаралып жатқаны айтылған.

Қыздың ата-анасы айыпталушылар жауапкершіліктен қашып кетеді ме деп қауіптенеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM