Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Штайнмайер қайтадан Германия президенті болып сайланды

KAZAKBOL.COM

Жексенбі, 13 ақпанда Франк-Вальтер Штайнмайер Германияның президенті болып екінші мерзімге сайланды. Оған федералдық кеңес мүшелерінің көбі дауыс берді.

Федаралдық кеңеске Бундестаг және федералдық жерлердің өкілдері кіреді.

Штайнмайердің кандидатурасын Германия социал-демократиялық партиясы, Еркін демократтар және “Жасылдар” партиясымен қатар ХДС/ХСС оппозициялық одағы қолдады. Оны “Германия үшін балама” мен “Солшылдар” партиясындағы оңшыл популисттер қолдамады. Нәтижесінде Штайнмайерге 1425 депутаттың ішінен 1045-і дауыс берді. Deutsche Welle хабарлағандай, кеңестің 86 мүшесі дауыс беру құқығын пайдаланбады.

Екінші рет президент болып сайланғаннан кейін Штайнмайер демократияны қорғау маңызды екенін айтып, Еуропада қазір соғыс қауіпі тұрғанын жеткізді. Оның сөзінше, бұған Ресей жауапты. Ол бұл қауіптен шығудың жолын бірігіп іздеуге шақырды.

Штайнмайер 66 жаста. Ол осыған дейін Германияның сыртқы істер министрі және вице-канцлері болған.

Германияда билік негізінен канцлерде болғанымен, президенттік қызмет моральдық билік ретінде саналады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM