Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Танымал продюсер Төреғалидің жарының мінезін айтып тамсанды (фото)

KAZAKBOL.COM

Төреғали Төреәлі жұбайымен. Фото: Интернет желісінен

Төреғали Төреәлінің продюсері Жан Мұқанов әншінің жарының мінезі мен көркіне деген таңданысын жасыра алмады. Неше жылдан бері өнер әлемінде Төреғалимен бірге жүрсе де, оның жұбайымен жақында ғана таныстым деген продюсер 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында Толқынның мінезі мен сыртқы келбеті туралы айтты.

«Толқын өте әдемі, сыртқы келбеті модельге ұқсайды. Бойынан қазақы ақсүйектік сезіледі, сабырлы, эмоциясын ұстай біледі, қатты күлмейді. Әзілдің өзін ақылмен айтатындай.

Ол тіпті Төреғалимен «сіз» деп сөйлеседі, мені бұл аздап таңғалдырды. Әдетте «сіз» деп біз ата-анамызға айтамыз, ал ол «Төреш сіз» деген кезде адамды еріксіз баурап алады», — дейді продюсер.

Төреғали Төреәлінің жұбайы. Фото: Интернет желісінен

Төреғали Төреәлі жұбайымен. Фото: Интернет желісінен

Сондай-ақ, Жан Мұқанов қазан айында барша қазақстандықтар көре алатын үйлену той өзге тойлардан ерекше болмақ дейді.  Продюсер Төреғали мен Толқын үйлену тойларынан кейін бал айын Біріккен Араб Әмірліктерінде өткізетіндігін де жеткізді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM