Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Грузияда «шетел агенттері» заң жобасына қарсы акция өтті

KAZAKBOL.COM

2 наурызда Грузия парламенті алдында жүздеген белсенді «Шетел агенттері туралы» екі бірдей заң жобасының қабылдануына қарсы болып, акция өткізді.

Бұл заң жобаларын үкіметшіл «Халық үні» фракциясы мен «Грузин арманы» билік партиясы ұсынған.

«Халық үні» лидерлерінің бірі Гурам Мачарашвили заң жобасы америкалық тәжірибеден алынғанын жеткізген. Атап айтқанда, 1938 жылы қабылданған FARA (The Foreign Agents Registration Act) құжатына қатысты.

Биліктің оппоненттері бұл заң жобасы Ресейдегі секілді өзгеше ойлайтын азаматтарды қуғындауға бағытталған деп атады.

Наразылық акциясына жиналғандар билік өкілдеріне қарсы «Путиннің құлы» деп айқайлап тұрды.

Сол кезде парламенттер талқыланып жатқан заң жобасына қатысты пікір-талас өте қарқынды жүрген. Парламент сыртында белсенділер де заң жобасының қабылданбауын талап етіп тұрған. Дегенмен де заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM