Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Халықтың алдына көзін бояп шыққан Димашты жанкүйерлері сөгіп тастады (фото)

KAZAKBOL.COM

Димаш Құдайберген. Фото: Instagram

Ерекше даусымен миллиондаған жанның жүрегін жаулаған Димаш Құдайберген соңғы кездері сахнаға боянып шығып жүр. Димаштың бұл образын қазақстандық көрермендер сынға алып, ер жігіт үшін әсіре боянудың артық екенін айтуда деп хабарлайды NUR.KZ.

«Даусына айтар сөзім жоқ, бірақ дәл мынандай етіп бояндырудың қажеті қанша?!», «Димаштың көзін бояудың қажеті жоқ сияқты. Оның орнына қытайлықтар тәрізді әдемі шаш үлгісін жасауға тырысу керек еді. Көзге оғаш көрінеді», «Қыз сияқты бояндырған»,-  деп сынға алған желі қолданушылары.

Ал кейбіреулер болса Димаштың бұл сахналық образы ғана екенін айтып, екінші тараппен дауласып жатты.

Халықтың алдына көзін бояп шыққан Димашты жанкүйерлері сөгіп тастады (фото)Димаш Құдайберген. Фото: Instagram

«Майкл Джексонға ұқсап қалыпты», «Жарасып тұр, бұл жәй сахналық образ», «Кәрістің жігіттері тәрізді»,-  дейді  Димаштың боянғанынан ешқандай әбестік көрмеген көрермендер.

Халықтың алдына көзін бояп шыққан Димашты жанкүйерлері сөгіп тастады (фото)Димаш Құдайберген. Фото: Instagram

Халықтың алдына көзін бояп шыққан Димашты жанкүйерлері сөгіп тастады (фото)Димаш Құдайберген. Скриншот: Instagram

Әншінің продюсері Алмапыстың өзі Димаштың Майкл Джексонға ұсқап бара жатқанын атап өткен.

«Достар, менің ойымша Димаш күннен күнге Майкл Джексонға ұқсап бара жатыр?!»,-деп жазады ол Instagram желісінде.

Халықтың алдына көзін бояп шыққан Димашты жанкүйерлері сөгіп тастады (фото)Димаш Құдайберген. Фото: Instagram

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM