Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанда туризмді дамыту қорының басшысы ұсталды

KAZAKBOL.COM

«Қырғыз Республикасында туризмді дамытуды қолдау қоры» ашық акционерлік қоғамының президенті Елена Калашникова мен оның вице-президенті қамауға алынды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) мәлімдеді.

Мекеме олар тергеу барысында алынған дәлелдердің негізінде қамалғанын, бөгет шарасын сот анықтайтынын, мемлекетке келген зиян есептеліп жатқанын жеткізді.

ҰҚМК жарғылық капиталы 1 млрд соммен құрылған қор елде туризмді дамыту мақсатында құрылғанын, бірақ ақша мақсатсыз жұмсалғанын, басшылығы өзіне жоғары айлық қойып алғанын және құрылыс істері нарықтан қымбат бағаға көрсетілгенін атап өтті.

Қылмыстық кодекстің «Коррупция» бабы негізінде іс қозғалғаны, былтыр мемлекеттік бюджеттен бөлінген 1 млрд сомның 608 миллион сомы бірқатар жобаларды жүзеге асыруға жұмсалғаны, бірақ 105 миллион сом аударылған 21 тынығу бекетінің (rest point) бірі де пайдалануға берілмегенін, олардың жалпы бағасы 13 миллион сом деп көрсетілгені, бұдан да басқа күдікті жағдайлар бар екені айтылды.

Жогорку Кеңештің 4 мамырдағы отырысында бірқатар депутаттар Елена Калашникованың жұмысын сынға алған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM