Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстандағы алғашқы АЭС құны — 11 млрд доллар

KAZAKBOL.COM

Ресей президенті Владимир Путин 18-19 қазанда Өзбекстанға келіп, АЭС құрылыс алағының ашылу салтанатына қатысады.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 16 қазанда Тудакул су қоймасында алғашқыатом электр станциясын салу туралы Ресеймен келісімді бекітті. Станция ресейлік жоба бойынша салынады, дәл осындай жоба Беларусьтің Островецінде салынып жатыр. Оның құнын Кремль 11 млрд доллар деп бағалады.

Ресей президенті Владимир Путин 18-19 қазанда Өзбекстанға келіп, АЭС құрылыс алаңының ашылу салтанатына қатысады деп жоспарланған.

Станция салынатын Тудакул су қоймасы Бұхара қаласының солтүстік-шығысында 25 шақырым жерде орналасқан. Станция жақын маңда Бұхара және Навои өндірістік аумақтары орналасқан.

Тудакулге Зеравшан өзенінің артық сулары жиналады. Оған каналдар арқылы Әмудария суы да қосылады.

Өзбек билігі атом электр станциясы 4 млрд текше метр табиғи газ үнемдеуге мүмкіндік берді деп отыр. Экологтар атом энергетикасының қауіпті екенін билікке ескертіп, Күннен қуат алатын электр станциясын салуды ұсынған. Бірақ жасыл технологияның қымбаттығынан бұл жобаны жауып тастауға тура келді.

Орталық Азия елдерінде АЭС тек Қазақстанда ғана пайдаланылған. 1973–1999 жылдары Ақтауда жылдам нейтрондармен реакторы жұмыс істеген. Оның қуаты 350 МВт болды. Қазір Қазақстанда АЭС жоқ, бірақ Астана мен Мәскеу кем дегенде екі атом станциясын салу туралы келіссөздер жүргізіп келеді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM