Халықаралық олимпиада комитеті Бірінші арна мен «Россия 1» телеарнасынан Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысқан ЛГБТ-спортшыларына тіл тигізгені үшін түсінік талап етті.
ХОК мәлімдемесінде Олимпиада ойындарында «алалауға жол жоқ» делінген.
Бірінші арнаның «Время покажет» бағдарламасы мен «Россия 1» телеарнасының «60 минут» бағдарламасында британ суға секіруші, гей Том Дейлидің, жаңазелантиялық ауыр атлет, трансгендер Лорел Хаббардтың ар-намысына тиетін сөздер айтылған. Дейли Токиода Олимпиада алтынын алды.
Мемлекеттік дума депутаты Алексей Журавлёв ЛГБТ өкілдерінің Токиодағы ойындарға қатысуы жөнінде пікір білдірген кезде «мразь» және «гомики» сөздерін қолданған. Ал «Единая Россия» партиясы жоғарғы кеңесінің мүшесі Пётр Толстой оларды «извращенцы» деп атаған. «Время покажет» бағдарламасының жүргізушісі Анатолий Кузичев эфирде екі бұрымы бар парик киіп, трангендерлерді «психопат» деп сипаттаған.
KAZAKBOL.COM