Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) ресейлік және беларусь спортшыларына бейтарап мәртебеде жарысқа қатысуға болатынын мәлімдеді. Мұндай шешім сейсенбі күні комитет отырысында қабылданған.
Ресейлік және беларусь спортшылары жарыстарға мынадай жағдайда қатыса алады:
- олар өз елдерінің туынсыз, гимнсіз, белгілерінсіз бейтарап мәртебеде қатысуы тиіс;
- олар командалық жарыстарға жіберілмейді, тек жеке қатыса алады;
- спортшылар Украинаға қарсы соғысты қолдамауы тиіс;
- спортшылар қарулы күштердің немесе күш құрылымдарының өкілдері болмуы тиіс.
Бұл ұсыныстар 2024 жылы Парижде және 2026 жылы Миланда өтетін олимпиада жарыстарына қатысты.
KAZAKBOL.COM