Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

“Центтерра” Құмтөрге қытай компаниялары қызығып жатқанын айтты

KAZAKBOL.COM

Қырғызстан премьер-министрі Мұхаммедкалый Абылгазиев елге үкіметтің шақыртуымен келген “Centerra Gold Inc.” компаниясы президентінің жаңа атқарушы директоры Скотт Перримен кездесті. Бұл туралы үкіметтің аппараты хабарлады.

Кездесу барысында Құмтөр кеніне қатысты мәселелер талқыланған. “Centerra Gold Inc.” компания басшысы қырғыз билігінің өтініші бойынша биыл Құмтөр кенінде 15,5 тоннадан кем емес алтын өндіру жоспарланғанын, бұл көрсетілген жоспардан жоғары екенін атап өткен.

“Centerra Gold Inc.” компаниясы басшылығы екі жылдық геологиялық іздеу жұмыстарынан нәтиже шықса, кендегі алтын қазба жұмыстарын бірнеше жылға созуға болатынын айтты. Скотт Перри премьер-министрге мәлімдегендей, соңғы бірнеше жылда халықаралық компаниялар тарапынан, оның ішінде қытайлық компаниялар тарапынан Құмтөр кеніне инвестиция салуға қызығушылық білдіргендер болған. Бірақ ресми ұсыныс әлі жасалған емес.

Канаданың «Centerra Gold Inc» компаниясы Қырғызстандағы ең ірі Құмтөр алтын кенінің басты акционері. Ондағы акциялардың 26,5 пайызына «Қырғызалтын» акционерлік қоғамы арқылы қырғыз үкіметі иелік етеді. Құмтөрде алтын кені 2026 жылға қарай таусылады деп болжанған.

Осыған дейін Қырғызстандағы бірқатар БАҚ канадалық компания үлесін қытайлық «Shadong Gold» (Шандунь Голд) компанияға сатқалы жатыр деген хабар таратқан. Бұл хабардың рас-өтірігін анықтау үшін, қырғыз билігі «Centerra Gold Inc» компания басшыларын Бішкекке шақырған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM