Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Хоккейден әлем чемпионаты коронавирусқа байланысты тоқтатылды

KAZAKBOL.COM

Хоккей халықаралық федерациясы жастар ұлттық құрамасы арасында өтіп жатқан әлем чемпионатын турнир қатысушылары арасында «Омикронның» жылдам тарауына байланысты тоқтатты. Турнир 26 желтоқсанда Канадада басталған.

Сейсенбі күні коронавирус инфекциясы АҚШ хоккей құрамасының екі ойыншысынан анықталған. 29 желтоқсанда кешке команда Швейцария құрамасымен ойнауы тиіс болған, алайда ойыншылар мұз айдынына шыға алмай, техникалық жеңіліске ұшырады.

Бір күннен кейін Чехия құрамасының бір ойыншысынан да коронавирус анықталды. Команда Финляндияға қарсы ойнауы тиіс болған. Чехия құрамасы да техникалық жеңіліске ұшырады.

Бейсенбіге қараған түні Словакиямен матч алдында Ресей құрамасының спортшысы Матвей Мичковтың коронавирус тесті оң шықты. Бұдан бөлек, чемпионатқа қатысқан бес төрешіден инфекция анықталды. Осыдан соң Халықаралық хоккей федерациясы қатысушылардың қауіпсіздігі мақсатында турнирді тоқтатты.

Коронавирус анықталған құрама әкімшіліктері барлық санитарлық талаптарды орындағанын хабарлады.

Осылайша спорт тарихында алғаш рет халықаралық дәрежедегі ірі турнир бастала салысымен тоқтады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, коронавирустың жаңа түрі – «Омикрон» АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың – 30 пайызға, Еуропада 57 пайызға артуына ықпал еткен. Апта басында АҚШ пен Франция бір күнде 440 мың және 180 мың науқас тіркелгенін айтып, бұрын-соңды мұндай көрсеткіш болмағанын мәлімдеген. Ұлыбритания, Италия, Португалия, Грекия және Канадада да науқастар көбейген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM