Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

HRW Қырғызстан билігін тәуелсіз журналистер мен БАҚ-тарды қудаламауға шақырды

KAZAKBOL.COM

Human Rights Watch Қырғызстан билігінен тәуелсіз журналистер мен БАҚ-тарды қудалауды доғаруды талап етті. Мәлімдеме халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымының сайтында жарияланды.

Онда Next TV телеарнасының өкілдері қылмыстық қудалауға ұшырағаны, бұның алдында Kaktus.Media басылымы мен зерттеуші журналист Болот Теміровтің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.

«Қырғыз билігі сөз бостандығын қорғаймыз дейді, бірақ қылмыстық істер арқылы тәуелсіз БАҚ-ты тұншықтыруға талпынып жатыр. Билік Таалай Дүйшембиевті босатып, оған басқа басқа да БАҚ өкілдеріне қарсы тағылған негізсіз айыптарды алып тастауы тиіс. Олар сөз бостандығы құқықтарын бұзады», — деді HRW ұйымының Орталық Азиядағы зерттеушісі Сыйнат Сұлтаналиева.

3 наурызда Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Next TV телеарнасына ұлтаралық араздық тудырды деген айыппен іс қозғады. Тергеу нұсқасы бойынша, телеарна «Қырғызстан Ресейге әскери көмек беруге келісті» делінген жалған мәлімет таратқан.

Телеарна директоры Таалай Дүйшембиев ұсталған. Оған ұлтаралық араздық туғызды деген айып тағылған. 5 наурызда сот оны екі ай қамауда ұстау жөнінде шешім шығарған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM