Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

HRW Қырғызстанды «Үкіметтік емес ұйымдар туралы» заң жобасын қайтарып алуға шақырды

KAZAKBOL.COM

Халықаралық Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы президент әкімшілігі әзірлеген «Үкіметтік емес ұйымдар туралы» (ҮЕҰ) заң жобасына қатысты мәлімдеме жариялады.

Мәлімдемеде, заң жобсы үкіметтік емес ұйымдарды тіркеу мен қызметіне кедергі келтіретіні айтылған.

«Қырғызстанда азаматтық қоғам өте белсенді. Қырғыз үкіметі азаматтық қоғам қызметіне тосқауыл қоятын жоспарынан бас тартуы тиіс. Оның орнына сөз бостандығын қолдау жолындағы халықаралық міндеттемелерін орындауы тиіс», — деді Human Rights Watch ұйымының Орталық Азия бойынша зерттеушісі Сыйнат Султаналиева.

Ұйым заң жобасы Қырғызстанда адам құқықтарының жағдайы қатты нашарлаған тұста әзірленгенін атап өткен.

Қырғызстан омбудсмені Атыр Абдрахматова ЕҚЫҰ мен адам құқықтары жөніндегі Еуропалық комиссияға заң жобасына қатысты құқықтық қорытынды жасауды сұраған. Себебі, Омбудсмен институты аталған заң жобасы ел Конституциясы мен Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактіге қайшы келеді деп санайды.

Қырғызстанның құқық қорғау ұйымдары президент Садыр Жапаровқа ашық хат жариялап, заң жобасын қайтарып алуды сұрады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM