Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Триатлон бойынша Азия Кубогын өткізу күндері Сайран көлінің маңындағы автомобиль жолдары жабылады.

KAZAKBOL.COM

Алматы қаласының әкімдігі және Алматы Триатлон федерациясы оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарына жарыстар күндері жолдардың ішінара жабылуы туралы хабарлайды.

2018 жылғы 3–5 тамыз аралығында Триатлон бойынша Азия Кубогы және ҚР Чемпионаты шеңберінде жарыстардың велокезеңі өтетін жерлерде автокөліктерге арналған жолдардағы қозғалыс ішінара жабылатын болады.

3 тамызда жаттықтыруға кіру кезінде сағат 13.00-ден 15.30-ға дейін келесі көшелер жабылады:

Тілендиев көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін Төле би көшесі бойынша қозғалыс (оңтүстік жағы бойынша). Солтүстік жағы автокөліктің қозғалысы үшін ашық болады.

Төле би көшесінен бастап Жұбанов көшесіне дейінгі қозғалыс. Барлық қозғалыс жолақтары толығымен жабылатын болады.

4 тамызда жарыстарды өткізу кезінде сағат 05.00-ден 13.00-ге дейін келесі көшелер жабылады:

Тілендиев көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін Төле би көшесі бойынша қозғалыс (оңтүстік жағы бойынша).Солтүстік жағы автокөліктің қозғалысы үшін ашық болады.

Төле би көшесінен бастап Жұбанов көшесіне дейін Өтеген батыр көшесі бойынша қозғалыс. Барлық қозғалыс жолақтары толығымен жабылатын болады.

5 тамызда жарыстарды өткізу кезінде сағат 06.00-ден 15.00-ге дейін келесі көшелер жабылады:

Тілендиев көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін Төле би көшесі бойынша қозғалыс (оңтүстік жағы бойынша). Солтүстік жағы автокөліктің қозғалысы үшін ашық болады.

Төле би көшесінен бастап Абай даңғылына дейін Өтеген батыр көшесі бойынша қозғалыс. Барлық қозғалыс жолақтары толығымен жабылатын болады.

Өтеген батыр көшесінен бастап Сайын көшесіне дейін Абай даңғылы бойынша қозғалыс (солтүстік жағы бойынша). Оңтүстік жағы автокөліктің қозғалысы үшін ашық болады.

 

Триатлон бойынша 2018 Азия кубогына/Қазақстан Республикасының Чемпионатына жолдарды жабу бойынша кесте

(2018 ж. 03-05 тамыз)

 

3 тамыз
13.00–ден 15.30-ға дейін Төле би көшесі (оңтүстік жағы бойынша – Тілендиев көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін).

Солтүстік жағы автокөліктің қозғалысы үшін ашық болады.

Өтеген батыр көшесі (Төле би көшесінен бастап Жұбанов көшесіне дейін)

4 тамыз
05:00-ден 13:00-ге дейін Төле би көшесі (оңтүстік жағы бойынша — Тілендиев көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін).

Солтүстік жағы автокөліктің қозғалысы үшін ашық болады.

Өтеген батыр көшесі (Төле би көшесінен бастап Жұбанов көшесіне дейін)

5 тамыз
06:00-ден 15:00-ге дейін Төле би көшесі (оңтүстік жағы бойынша — Тілендиев көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін).

Солтүстік жағы автокөліктің қозғалысы үшін ашық болады.

Өтеген батыр көшесі (Төле би көшесінен бастап Жұбанов көшесіне дейін)

Абай даңғылы (Өтеген батыр көшесінен бастап Сайын көшесіне дейін)

Оңтүстік жағы автокөліктің қозғалысы үшін ашық болады.

 

Триатлон бойынша Азия кубогы және Қазақстан Республикасының Чемпионаты Алматыда алғашқы рет болып өтеді. Қатысушылардың ішінде біздің жерлестеріміз ғана емес, сондай-ақ 20-дан астам елден спортшылар келді. Осындай ауқымды оқиғалар үшін жолдарды жабу – бұл әлемдік тәжірибе. Біз көліктің қозғалысын қиындатпау үшін, жолдарды жабу аумағы мен уақытын барынша азайтуға тырыстық. Тұрғындардың түсіністігіне үміттенеміз және де демалыс күндеріне маршруттарды алдын ала түзетіп алуыңызға ұсыныс береміз, -деп хабарлайды іс-шара ұйымдастырушылары.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM