Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

“Human Rights Watch”: Өзбекстанда оппоненттер президент сайлауына қатысу құқығынан айырылды

KAZAKBOL.COM

Хьюман Райтс Вотч (HRW) ұйымы Өзбекстанда биліктің оппоненттері президент сайлауына қатысу құқығынан айырылғанын айтып, БАҚ-тың еркіндігі шектелгенін мәлімдеді.

Халықаралық құқық қорғау ұйымының 13 қазанда жариялаған мәлімдемесінде бұл шектеулер президент Шавкат Мирзияев жүргізіп отырған «реформалар шеңберінен» хабар беретіні айтылған.

«Өзбекстан реформаларды жүзеге асырумен халықаралық қауымдастықты өзіне бұра алды. Бірақ адам құқықтарының бұзылуы және сайлауда қандай да бір оппозицияның не тәуелсіз үміткерлердің жоқтығы шектеу барын көрсетеді”, — деді Human Rights Watch ұйымының Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Хью Уильямсон.

Өзбекстанның қазіргі президенті Шавкат Мирзияев осыған дейін дауыс беру процесі халықаралық демократиялық талаптарға сәйкес жүретінін мәлімдеген. Өзбек билігі оппозиция өкілдері сайлауға қатыстырылмағанын, халық таза таңдау мүмкіндігінен айырылғаны туралы сын-пікірлерді теріске шығарып келеді.

Өзбекстанда президент сайлауы 24 қазанда өтеді. Бес үміткердің арасында қазіргі президент Шавкат Мирзияев та бар.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM