Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Иерусалимге қатысты АҚШ шешімінен кейін Израильде қақтығыс басталды: 30 адам жараланды

KAZAKBOL.COM

АҚШ Израиль астанасы ретінде Иерусалимді мойындағаннан кейін, палестиндықтардың жаппай қарсылық шарасы басталды. Демонстарция сонымен бірге Хеврон, Вифлеем және Иордан өзеніндегі Батыс жағалауында да өтіп жатыр. Израиль полициясы бұл аймақтарға қосымша әскерін жіберіп жатыр.

Палестиндықтар Израиль полициясына қарсы тас лақтырып жатыр. Полиция жауап ретінде көзден жас ағызатын газ, резінке оқтар қолданып жатыр. Reuters агенттігінің мәлімдеуінше, тәртіпсіздік кезінде 30-дан астам адам жараланды.

Палестиндықтар бейсенбі күні наразылық акциясын жариялады. Көптеген мектептер мен дүкендер жабылды. ХАМАС радикалды тобының лидері Исмаил Хания Палестина халқын жаппай көтеріліске шақырды. Ол жұма күнін «басып алуға қарсы көтеріліс күні» деп жариялады.

6 желтоқсанда АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіруді бұйырған. Трамп шешімі араб елдердің сынына қалды. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың Иерусалимге қатысты ұстанымын жұма күні талқылайды. Трамп болса, өзінің шешімін «шындықты айту» деді.

1995 жылы АҚШ Конгресі Израильдегі Америка елшілігін Иерусалимге көшіру туралы заң қабылдаған. Бірақ қаланың мәртебесіне байланысты жанжалдан кейін дипмиссия Тель-Авивте қалған. Таяу уақытқа дейін Вашингтон 1948 жылы британ мандатының аяқталуынан кейін Иерусалим ешбір елге қарамайды. Оның мәртебесі тек бейбіт келісімнен кейін шешіледі деп келген.


centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM