Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ІІМ: Журналистерге шабуыл ұйымдастырған күдіктінің төрт сыбайласы анықталды

KAZAKBOL.COM

2 наурызда Қазақстан ішкі істер министрлігі «журналистерге шабуыл ұйымдастырған» күдіктінің «сыбайластары анықталды» деп мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, төртеуі де – шетел азаматы, олар «шабуылдарды ұйымдастырушы» О.Токаревке «көмектескен».

Екі күн бұрын ІІМ журналистерге «шабуыл жасаған күдікті топтың жолын кестік, Алматыда арандатушылық шабуылдарды тікелей үйлестірушісі – шетелдік азамат, білікті хакер О. Токарев ұсталды» деп мәлімдеген еді.

2 наурыз күнгі хабарламасында ІІМ Токарев «кінәсін мойындағанын» және «тергеуге көмектесуге келіскенін» хабарлады. Ведомство хабарламасында Токаревтің «сыбайласы» ретінде төрт адамның аты-жөні аталады: К.Литвинов, С.Шаповалов, Б.Демченко және Я.Малышок. Қай елдің азаматтары екені айтылмайды.

Тергеу болжамынша, Токарев шабуылды «ұйымдастырып, үйлестірген», ал Литвинов, Шаповалов және Демченко «Қазақстан азаматтары арасынан арандату әрекеттерін жасайтын адамдарды табуға тырысқан», «ашық ақпараттық дереккөздерден жәбірленушілерге қатысты мәліметтерді жинаған». «Хакерлік шабуылдарға жауапты болған» Малышок «Orda және Elmedia сайттарына DDos-шабуылдарды өзі ұйымдастырған». Қазір Токаревтің «сыбайластарына халықаралық іздеу жариялау мәселесі» қаралып жатыр.

Бұған дейін министрлік «аталған топ Вадим Борейкоға, Гүлнәр Бажкеноваға, Гүлжан Ерғалиеваға, Самал Ибраеваға және бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да өкілдеріне қарсы 30-дан астам арандатушылық шабуыл жасаған. Автокөліктерін өртеген, журналистерге, олардың туыстары мен редакцияларына қоқан-лоқы көрсетіп, DDoss-шабуыл ұйымдастырған» деген еді.

Ішкі істер министрлігі бұған дейін Алматы мен Астанада «журналистерге шабуыл жасады» деген күдікпен 18 адам ұсталғанын хабарлаған.

Оның алдында жоғарыда аталған журналистер өздеріне түрлі тәсілмен шабуыл жасалғанын мәлімдеген. Шабуылға ұшыраған журналистер бұл оқиғалар кәсіби қызметімізге байланысты деп есептейді.

Қазақстан журналистеріне жасалған бірнеше шабуылдан кейін Журналистерді қорғау комитеті (Committee to Protect Journalists) Қазақстан билігінен кінәлілерді тауып, жауапқа тартуды талап еткен.

Халықаралық ұйымдар Қазақстанды сөз еркіндігі шектелген мемлекеттер санатына жатқызады. Республика «Шекарасыз тілшілер» ұйымының баспасөз еркінді индексінде 180 ел ішінде 122-орында тұр.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM