Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ирак соты түркиялық 16 әйелді өлім жазасына кесті

KAZAKBOL.COM

Сотталғандар үкіммен келіспесе қайта шағымдануға құқылы.

Ирактың орталық соты «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымымен байланысы бар 16 түрік әйелді өлім жазасына кесті деп хабарлайды Sn.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Ирактың орталық соты Түркияның 16 азаматының ісін қарап, олардың ДАИШ ұйымына қатысы бар екенін анықтады… Сол оларды лаңкестікке қарсы заңның аясында өлім жазасына кесіп отыр», — делінген орталық соттың үкімінде.
Ирак Жоғарғы сот кеңесінің өкілі Әбдел Саттар Бірқадардың айтуынша, айыпты әйелдер тергеу барысында Иракқа ДАИШ содырларына күйеуге шығу үшін және оларға қолдау көрсету үшін келгендерін жасырмаған. Сотталғандар үкіммен келіспесе қайта шағымдануға құқылы.

Айта кетейік, бұған дейін де Бағдат соты Түркиядан Иракқа ДАИШ содырлары үшін арнайы келген әйелді ұстап, өлім жазасына кескен болатын. Сондай-ақ, күйеулерімен бірге келіп, жесір қалған тағы екі түрік әйелі ұзақ мерзімге сотталды.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM