Протесты в Ираке: силовики застрелили не менее 10 демонстрантов

KAZAKBOL.COM

Ирактың қауіпсіздік күштері Бағдадтағы наразылық шеруі кезінде кем дегенде алты адамды, ал Басрада төрт адамды атып тастады.

Денсаулық сақтау саласы мен полициядағы дереккөздер мәліметтеріне қарағанда, қақтығыс кезінде ондаған адам зардап шеккен. Наразы топ басқарушы элитаны биліктен кетіруге талпынып жатыр.

Бағдадта қауіпсіздік күштері Шухад көпірі ауданында шерушілерге қарсы қару қолданды. Мұнда шамамен 35 адам жараланған. Полиция Тигр өзенінің батыс жағалауына апаратын көпірден шерушілерді өткізбей қойды. Батыс жағалауда үкімет ғимараттары орналасқан.

Ирак мұнай өнеркәсібінің орталығы — Басра қаласында шерушілерге оқ атылды. Мұнда тұрғындар наразылығын күнде алаңда отыру арқылы білдіріп жүр. Полиция шабуылынан кем дегенде төрт адам қаза тапты. Ирактың оңтүстігіндегі басқа да аудандарда, соның ішінде Умм-Каср портында қақтығыс болған. Мұның барлығы ел экономикасына кері әсер етіп жатыр.

https://www.centralasian.org/a/30259682.html

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, здесь напишите ваш комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя