қыз баланың киген жыртық шалбары. Фото: independent.co.uk
«Олардың соққысынан әлі күнге дейін бет-жүзім қалпына келмеді. Ал қабырғамдағы ауырсынулар қайтар емес», — дейді зардап шегуші қыз.
The Independent басылымына сұхбат берген Захра есімді қыз бала достарымен туған күн тойлатып жатқанда полицейлер жетіп келгенін айтып берді. Жеткіншектің айтуынша, тәртіп сақшылары оларды соққыға жығып, күшпен көлігіне отырғызған.
14 жастағы қыздың полицейлерден алған жарақаттары
«Олар бізді жыртық шалбар кигеніміз үшін соққыға жықты. Одан өзге бізді қамайтындай еш себеп болмады», — дейді жеткіншек.
Бойжеткенге шашы көрініп қалғаны үшін ескерту жасауда
Захра мен оның достары ендігі жыртық шалбар кимейміз деген қолхат жазып бергеннен кейін ғана бостандыққа шыққан. Елдегі әйелдер бұл жайтқа қатысты еш таңданбайтындарын айтып, кезінде тек көңілді кеште жігіттермен билегені үшін соққыға жығылғандарын есіне алды.
KAZAKBOL.COM