Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Иранда қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары дарға асылды

KAZAKBOL.COM

Иранда қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Әли-Реза Әкбар дарға асылды. Оған «Ұлыбританияға тыңшылық жасады» деген айып тағылған. Бұрынғы шенеуніктің Иран және Ұлыбритания азаматтығы болған.

Әкбар дарға асылды, деп жазды Иранның мемлекеттік ақпарат құралдарына сүйенген BBC сайты. Бұған дейін Иран Жоғарғы соты оның апелляциясын кері қайтарып, өлім жазасы туралы үкімді өзгеріссіз қалдырған.

Бұрынғы шенеунік «британ барлау қызметіне тыңшылық жасап, сол үшін екі млн доллар сыйақы алды» деген күдікпен 2019 жылы қамалған. BBC’дің Иран қызметінің хабарлауынша, Әкбар азапталғаннан кейін тағылған айыпты мойындаған.

Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак Әкбардың дарға асылуын «жабайы режимнің қатыгез, үрейден туындаған әрекеті» деп бағалады. Бұған дейін Ұлыбритания сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли Әкбарды босатуға үндеп, істің саясиланғанын айтқан.

Әкбардың дарға асылуына жауап ретінде Лондон Иран бас прокуроры Мұхаммед Жапар Монтазерге санкция салды. Француз билігі де Иран әрекетін айыптап, Иранның Париждегі елшісін шақырды.

Ал Иран сыртқы істер министрлігі «Лондонның Иран ұлттық қауіпсіздігі саласына араласуына» байланысты Ұлыбританияның Ирандағы елшісін шақырды.

Әкбар президент Мұхаммед Хатами (1997-2005 жылдары басқарған) кезінде қорғаныс министрінің орынбасары болған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM