Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан президенті аймақтарға сапары кезінде жергілікті биліктердің «жасанды әрекеттерінен» хабардар

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Комил Алламжонов мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев аймақтарға сапары кезінде жергілікті биліктің «жасанды әрекеттерінен» хабардар екенін айтты.

Өткен аптада Озодлик радиосы, тәуелсіз бірнеше дереккөзіне сілтеме жасап, президент Мирзияевтің Жизақ облысы Зарбдар ауданына сапары кезінде жергілікті колледж студенттері іске қосылмаған «Зарбдор текстиль» тоқыма комбинатының жұмысшылары рөлін атқарғанын хабарлады.

Дереккөздердің мәліметтеріне қарағанда, жергілікті билік президентті іске қосылмаған тоқыма комбинатына апарып, «мемлекет басшысына шоу» көрсеткен.

Президенттің баспасөз хатшысы Комил Алламжонов: «Біз бұдан хабардармыз. Байқасаңыз, бұл цех он айдың ішінде құрылған. Қазір ол жүз пайыз істеп тұрған жоқ», – деп мәлімдеді.

Қаңтар айының аяғында Қашқадария облысының билігі Мирзияевтің сапары қарсаңында аймақты асығыс аббаттандыра бастаған.

Президенттің баспасөз хатшысы жол бойындағы косметикалық жөндеу жұмыстарынан хабардар екенін айтты. «Президент жол салуға тапсырма берген емес. Мемлекет басшысы шалғай аудандарға шыққанда, тегіс емес жолдар тегістеледі», — деді Комил Алламжонов.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM