Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Адам құқығын қорғаушылар БАҚ-қа мемлекеттік тапсырыс туралы мәліметті сот арқылы да ала алмады

KAZAKBOL.COM

Астана қалалық сотының апелляциялық алқасы «Құқықтық медиа-орталық» қоғамдық қорының Астананың мамандандырылған экономикалық соты шешіміне берген шағымын қанағаттандырмады.

Судья Қайрат Айтжанов экономикалық соттың қоғамдық қордың ақпарат және коммуникация министрлігіне қарсы шағымын қанағаттандырмау туралы шешіміне күшінде қалдырды.

26 қаңтарда Астананың мамандандырылған экономикалық соты «Құқықтық медиа-орталық» қоғамдық қорының ақпарат және коммуникация министрлігіне қарсы шағымын қанағаттандырудан бас тартқан. Ұйым шағымында министрліктің былтыр бюджеттен әр ақпарат құралына мемлекеттік тапсырысты орындау үшін қанша қаржы бөлінгені туралы ақпаратты көпшілікке жариялауға қойған шектеуін жоюды талап еткен.

Бүгін сотқа қатысқан «Құқықтық медиа-орталық» қорының заңгері Гүлмира Біржанова апелляциялық сот шешімімен келіспейтіндерін, енді Жоғарғы сотқа шағымданатынын мәлімдеді.

2017 жылы шілдеде ақпарат және коммуникация министрлігінің сайтында мемлекеттің ақпараттық саясатын республикалық деңгейде жүргізуге жарияланған мемлекеттік тапсырыстың қорытындысы туралы хаттама жарық көрген. «Құқықтық медиа-орталық» ұйымы ақпарат және коммуникация министрлігіне ресми сауал жолдап, мемлекеттік тапсырысты нақты кімдер алғанын білмек болған еді. Бірақ министрлік тапсырыс бойынша жалпы сомасы екі миллиард теңгеден асатын бюджет қаржысын нақты кім иеленгені туралы ақпаратты жариялаудан бас тартқан болатын.

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың бұйрығымен бұл мәлімет «Қызмет бабында ғана пайдаланылуы тиіс» деп танылған. «Құқықтық медиа-орталық» ақпаратқа қолжетімділік туралы заң бойынша, мемлекеттік бюджет қаржысын түзу және жұмсауға қатысты мәліметті шектеуге болмайтынын айтады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM