Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Иран Ресейге әскери дрондар бермекші

KAZAKBOL.COM

Иран Ресейге жүздеген әскери ұшқышсыз ұшатын аппараттарды бергелі жатыр. Осылай деп Вашингтондағы брифингте АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джейк Салливан мәлімдеді.

Оның сөзінше, аппараттар қару-жарақ алып жүре алады. «Иран орыс күштерін аталған әскери дрондарды қолдануды үйретуді жоспарлап жатыр. Жаттығуды шілде айында бастамақ», деді Салливан.

Вашингтон бұл мәліметтерді қайдан алғанын айтпады.

Салливанның бұл мәлімдемесінен кейін артынша Мәскеу мен Тегеран Ресей президенті Владимир Путиннің жақын күндері Иранға баратынын растады. Кремль Путин ол жақта Иран және Түркия президенттерімен кездеседі деп мәлімдеді.

Украинада соғыс басталғаннан бері Путин шетелге (Тәжікстан мен Түркіменстанға) екі рет шықты.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM