Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Иранда хиджаб кимеген әйелдерді видеокамералар арқылы анықтайды

KAZAKBOL.COM

Иран билігі хиджаб кимеген немесе «тиісті дәрежеде оранбаған» әйелдерді анықтау үшін қоғамдық орындарға бақылау камераларын орната бастады. Бұл жөнінде полиция хабарлады.

Полиция хиджаб ережесін сақтамаған әйелдерге «ескерту хабарламасын» жіберетін айтты.

1979 жылы Иран билігіне радикалды діни топтар келген соң әйелдерге хиджаб кию міндетке айналған. Ережені орындамағандарға айыппұл салынады немесе қамалады. Елде басына орамал тақпаған әйелдерге көшеде шабуылдау жағдайы жиі кездеседі.

Былтыр қыркүйекте Иранның әдеп полициясы «хиджаб кию ережесін бұзды» деген айыппен 22 жастағы Махса Әминиді ұстаған. Әмини полиция бөлімінен ауруханаға түсіп, бірнеше күннен соң қаза болған.

Әминидің туыстары оның күштік құрылымның қолынан қаза болғанын айтады.

Әмини өлімінен кейін Иранда наразылық тұтанды. Жұрт полицияның күш қолдануына қарсы наразылық жасап, елді демократияландыруды, аятолла Әли Хаменеидің биліктен кетуін талап еткен.

Наразылық күшпен басып-жаншылды. Құқық қорғаушының айтуынша, жаппай наразылық акциясы кезінде 600-ден астам адам өлтірілген, шамамен 20 мың адам қамалған. Бірнеше адам дарға асылды.

2023 жылы наурызда АҚШ «әйелдердің құқығын өрескел бұзуға қатысы бар» ирандық ресми тұлғалар мен ұйымдарға санкция салған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM