Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Иранда президент сайлауында сот жүйесінің басшысы жеңіске жетті

KAZAKBOL.COM

18 маусым күні Ирандағы президент сайлауында Жоғарғы соттың төрағасы Ибрахим Раиси жеңіске жетті. Оған сайлаушылардың 62 пайызы немесе 17,9 миллион адам дауыс берді. Сайлауға дауыс беруге құқылы ирандықтардың 48,8 пайызы ғана қатысқан.

Раиси – Батыспен қарым-қатынаста қатаң саясат ұстануды қолдайтын ультраконсерватор. Ол осыған дейінгі президент сайлауында Хасан Руханиға жол беріп, екінші орын алған.

Раиси Иранның Жоғарғы сотын 2019 жылдан бері басқарады. Оның бұл қызметке тағайындалуы БҰҰ деңгейінде сынға ұшыраған. Құқық қорғаушылар оны 1980-жылдары Иранда мыңдаған саяси тұтқынның өлім жазасына кесілуіне қатысы бар деп санайды. Раиси үкім шығарған комитеттің төрт мүшесінің бірі болған.

2019 жылдан бері ол америкалық санкция тізімінде.

Иран Қазақстанмен шектеспейді, бірақ екі ел Каспий теңізі бойынша әріптес. Сондай-ақ екі ел арасында сауда қатынасы бар. БҰҰ дерегінше, Қазақстан Иранға 300 миллион доллардың тауарын экспорттап, ол жақтан 80,7 миллион доллардың тауарын импорттаған.

Сарапшылардың айтуынша, Раисидің жеңісі Иранда Рухани сияқты прагматиктер кері ығысып, Батысқа қарсы бағыттағы қатаң ұстанымды қолдайтындар күш алғанын айғақтайды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM