Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Иркутскіде мигранттар тұрған вагонды өртегендер бостандыққа шығып, үш тәжік мигранты қамалды

KAZAKBOL.COM

Ресейдің Иркутск облыстық соты адам өлтіруге әрекет етті және бұзақылық жасады деп күдікке ілінден Тәжікстанның үш азаматын қамауға алу жөнінде шешім шығарды.

Курбонмад Содиков пен Далер Хасанов атты тәжікстандықтар «Адам өлтіруге әрекет ету», Жумабой Искандаров «Бұзақылық» бабы бойынша айыпталып жатыр. Тергеу мәліметіне сәйкес, олар мигранттар тұрған вагонның өртелуімен аяқталған жергілікті тұрғындармен болған жанжалға қатысқан.

12 қарашаға қараған түні Иркутск облысындағы Залари ауылында еңбек мигранттары тұрып жатқан құрылыс вагонына өрт қойылып, Тәжікстанның 21 және 19 жастағы екі азаматы қайтыс болған. Бұдан бөлек бес тәжікстандық ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Осыған дейін вагонға өрт қойды деген күдікпен жергілікті үш тұрғын қамауға алынғаны хабарланған. Бірақ Озоди радиосының дереккөзіне қарағанда, қамалғандардың бірі ғана абақтыда отыр, қалған үшеуі бостандықа шыққан.

Жанжал кезінде болған мигранттардың бірі оқиғаның мән-жайын былай баяндады. «Өте көп жергілікті тұрғын келді. Арасында полиция формасындағы адамдар да жүрді. Олар біз тұратын вагон есігін жауып, бізді қамап, сыртымыздан өрт қойды. Біз есікті сындырып, сыртқа шыққанда, темірлермен бізді сабады», — деді мигрант.

Ал қаза болған екі тәжікстандық ауыр жарақат алып, өртеніп жатқан вагоннан шыға алмай қалуы мүмкін деп болжайды.

Осыған дейін бірқатар орыс басылымдары жанжалға мигранттардың қыздарға тиісуі себеп болған деп жазды.

Бірақ оқиғаға куә болған мигранттардың бірі бұл мәліметті теріске шығарады.

«Бұл мәлімет жалған. Біздің жігіттер мигранттардың бірінің әкесін күтіп алуға кеткен. Ол жерде алты адам оларға тиісіп, кемсіткен», — дейді ол.

Оқиғаның басқа куәгерлері мигранттарға қол жұмсағандардың ішінде полиция қызметкерлері болғанын растайды.

Иркутск облыстық прокуратурасы мен ішкі істер министрлігінің облыстық басқарма қызметкері үш адамды неліктен бостандыққа шығарғанын түсіндіруден бас тартты.

Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі бұл оқиғаның тергелуін жіті бақылауға алдық деп мәлімдеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM