Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Кәрім Мәсімовтің немере інісіне іздеу жарияланды

KAZAKBOL.COM

Павлодар облысы полиция басқармасының бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов «ірі көлемде пара алды» деген күдікке ілінді. Бұрынғы шенеуніктің үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, іздеу жарияланды.

22 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі Телеграм арнасында осындай ақпарат таратты. Тергеу соты күдіктіні сырттай қамау туралы шешім шығарған.

«Қазіргі уақытта Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды. Оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр» деп жазылған агенттік хабарламасында.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің немере інісі, 48 жастағы Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы полиция басқармасының басшысы қызметінен қаңтар ортасында босатылған еді. Ол мекемені 2019 жылдың қарашасынан басқарып келген.

Кәрім Мәсімовтың өзі»Билікті басып алу» және «мемлекетке опасыздық жасау» баптары бойынша күдікке ілініп, тергеу изоляторына отыр.

56 жастағы Кәрім Мәсімов – Қазақстанды отыз жылға жуық уақыт басқарған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көптен бергі үзеңгілесі. Назарбаев оны 2016 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы етіп тағайындаған. Мұның алдында ол 2007-2012 және 2014-2016 жылдары екі рет премьер-министр қызметін атқарған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM