Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Көкшетауда 12 жасар қызды зорлады деп күдіктелген жігіт ұсталды

KAZAKBOL.COM

Зорлық. Көрнекі фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

Ақмола облысында полицейлер кәмелетке толмаған қызды зорлады деп күдіктелген жігітті қамауға алды. Бұл туралы NUR.KZ өңірдің ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Күдіктіні анықтап, құрықтау мақсатында арнайы іздеу тобы құрылып, ІІД бұл істі өз бақылауына алды.

«Бармашино» ықшамауданында тінту жүргізіліп, жергілікті тұрғындар мен кеңсе қызметкерлері сұраққа алынды. Нәтижесінде қылмыс болған күні күдікті адамды байқап қалған куәгерлер табылған. Олар ер адам өзімен бірге жол сөмкесін арқалап жүргенін есіне алды. Полицейлер күдікті өзге өңірден келген болуы мүмкін деп болжаған.

Барлық бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап шыққан тәртіп сақшылары 21 тамыз күні кәмелетке толмаған қызды зорлау фактісі бойынша Бурабай ауданының 24 жастағы тұрғынын құрықтады.

Күдікті облыстық орталыққа жұмысқа тұру үшін келгені белгілі болды. Ол өз кінәсін мойындап отыр.

Еске салсақ, төртінші тамыз күні Көкшетау ІІБ-не 2005 жылғы қыздың зорланғаны туралы шағым келіп түскен болатын. Бұған дейін қыз бала он жаста екені хабарланған.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM