Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Көкшетауда дәрігерлер қауіпті дертке шалдыққан сәбиді құтқарды

KAZAKBOL.COM

Денесінің 60 пайызы зақымдалған қыз бала сегіз күн жансақтау бөлімінде жатқан.

Лайелла синдромына шалдыққан бір жасқа толмаған қыз Ақмола облыстық ауруханасында емделіп шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айша Мұқашева ауыр хәлде ауруханаға түскен болатын, Лайелла синдромы денесінің 60 пайызын зақымдаған екен. Қыздың әуелі бет-ауызы мен мойыны, кеудесі бөрткен соң, ата-анасы есекжем ауруы деп ойлайды, алайда келесі күні бөртпе сәбидің бүкіл денесіне қаптап кеткен.

«Лайелла синдромы — терінің улы эпидермальды некролизге ұшырауы. Себебі – бактерияға, туберкулезге қарсы дәрі-дәрмекке, витаминдерге, жөтелге қарсы және ыстықты түсіретін сироптарға қосылатын бояғыш заттарға аллергияның болуы. Сонымен бірге кейбір тағамдар да осы синдромға шалдықтыруы мүмкін. Көбінесе аллергиясы бар ересектер мен балалар осы науқасқа ұшырайды», — деп түсіндірді жансақтау бөлімінің меңгерушісі Елена Иванова.

Айша сегіз күн жансақтау бөлімінде жатып, кейін сәбилер бөліміне ауыстырылған, жақында үйіне қайтарылыпты.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM