Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Көлік ішінде өртеніп, адам танымастай күйге түскен қазақ қызының қазіргі өмірі қандай? (фото)

KAZAKBOL.COM

Жантүршігерлік жол апатына түсіп, көлік ішінде өртеніп кеткен Мәдина Сәдуова Кореяда жасалған отадан соң алғаш рет ел алдына шықты. Өзінің апатқа дейінгі және кейінгі өмірі туралы айтқан бойжеткен ештеңеге өкінбейтінін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстан ұлттық арнасының «Бақытты әйел» бағдарламасына келген ол осы өміріне риза екенін айтты. Ажарынан айырылып, тән азабын тартқан Мәдина басынан өткен қиындықты өмірдің сынағы деп біледі. Үш ай төсек тартып жатса да, ол «өміріме өкініп, баз кешіп кеткен күнім болған жоқ» дейді.

«Ештеңеге өкінбеймін. Өткен өмірімді есіме алғым келмейді. Себебі менің қазіргі күнім бар. Аллам менің жаныма періштелерді жіберді. Олар — әкем, анам, жақындарым мен туыстарым. Олар мені үнем қолдап отырады», — деген Мәдина осы күніне шүкірлік айтып, тәубе дейтінін жасырмады.
Көлік ішінде өртеніп кетіп, адам танымастай күйге түскен қазақ қызының қазіргі өмірі қандай?

Кадр «Қазақстан» арнасынан алынды

Оның айтуынша, басына бұл жағдай түскенде ол көп адамдардан көңілі қалып жаны жүдеген. Алайда жаратқанның сынына төтеп беруге барынша тырысып жүрген Мәдина Алланың жүріп-тұруға, қайта естіп, көруге мүмкіндік бергеніне дән риза.

Мәдинаға өткен жылдың қыркүйек айында еріктілердің көмегімен Корея клиникасында ота жасалған. Алайда ол жолы корейлік дәрігерлер оның мойын терісін ғана қалпына келтірген. Олар қыздың бетінің эстетикалық ажарын қалпына келтіруді бірден қолға алуға болмайтынын айтқан. Денесінің көп бөлігін күйік шалған бойжеткеннің бетіне жалғайтын артық терісі қалмаған екен. Алайда бұл отаның өзі Мәдинаға үлкен көмек болған. Себелі ол енді мойынын емін-еркін қозғала алатын болған.

Алайда бағдарлама барысында бойжеткен ажарын қалпына келтіру мүмкіндігі бар екенін естіді. Оны алғаш рет корей еліне апарған кәсіпкер Жайнар Мұқатайқызы оған кезекті отаны жасауға материалдық қолдау көрсететінін жеткізді.
Көлік ішінде өртеніп кетіп, адам танымастай күйге түскен қазақ қызының қазіргі өмірі қандай? (фото)

Кадр «Қазақстан» арнасынан алынды

Бағдарлама барысында Мәдина өзінің қиындыққа толы өмірін де есіне алды. Оның айтуынша, ол мұғалім болуды армандаған. Өмірдің түрлі қиындықтарына мойымаған ол қолына күрек алып, тазалаушы болып жұмыс істегенін де айтты. Айтуынша, өз өзіне қол салып, дәрі ішіп, асылып қалатын жандарға қарағанда әлдеқайда өзін әлдеқайда бақытты сезінеді.

Оңтүстік Кореяға пластикалық ота жасатып келген шымкенттік қыздың жағдайы қалай?

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM