Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Көлік жүргізушісі құжат сұраған полицейге бір құшақ гүл сыйлап, мазақ етті (ВИДЕО)

KAZAKBOL.COM

Көлік тізгіндеп келе жатқан жүргізушіні тоқтатқан полицей құжат сұраймын деп, бір құшақ гүлге ие болды. Құжаттың орнына осындай сый жасаған көлік жүргізушісінің бұл әрекеті жұртты күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Желіде полицейлерге қатысты тағы бір шулы видео пайда болды. Онда жылдамдықты асырғаны үшін жүргізушіні тоқтатқан полицей өзін таныстырып, видеоға түсіруге болмайтынын ескертеді. Көлік ішіндегі жолаушы түсірілім жасауға құқығы бар екенін алға тартқан соң полицей автомобиль тізгіндеген жігіттен құжаттарын сұрайды. Дәл осы сәтте көлік жүргізушісі бір құшақ раушан гүлін шенді қызметкердің қолына ұстатып жібереді. Оның әрекетіне таң болған полицей «Мені мазақ етіп тұрсың ба?» деп ашуға булықты. Бұл көрініс еліміздің қай өңірінде орын алғаны және соңы немен аяқталғаны белгісіз. Видеоны көрген қазақстандықтар форма киген азаматтың ешқандай да полицей еместігін, жай қалжың ретінде түсірілген видео екенін алға тартып отыр. Себебі өзін полицей деп таныстырған азаматтың қызметтік төсбелгісі мен видеожетоны жоқ. Алайда кейбір желі қолданушылары көлік жүргізушісінің әрекетіне риза болып, мұны флешмоб секілді көлік тізгіндеген өзге де азаматтар жалғастырса деген ниетін білдірген.

Видео желіден алынды.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер қолданылады.

 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM