Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Күйеуін қорғамақ болған қарағандылық келіншек полицейді аяусыз ұрып тастады

KAZAKBOL.COM

Көрнекі фото: 7info.ru

Қарағандыда туған күнін атап өткен келіншек күйеуін полицейлерден қорғаймын деп, басы дауға қалды. Бұл туралы «Наша ярмарка» басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

25 жастағы келіншек күйеуімен және достарымен бірге Қарағандыдағы кафелердің бірінде туған күнін атап өтіп жатқан. Ішімдікке сылқия тойған күйеуі таза ауа жұту үшін далаға шығып, кейіннен бір топ жігіттерге шүйлігеді.

Арадағы түсініспеушілікті байқаған куәгерлер полиция қызметкерлерін шақырады. Үш полицей күйеуінің бұл әрекетіне тоқтау қоймақ болғанымен, келіншек дереу полиция сержантынаның қасына барып, иығындағы шенін жұлып алып, жұдырықпен үш рет соққы жасайды.

Ол аз дегендей, туған күн иесі қызметтік міндетін атқарып жүрген полицейлерге бейәдеп сөздер айтады. Бір қызығы, келіншек полицейлермен әлек болып тұрғанда оның күйеуі оқиға орнынан тайып тұрған.

Бүгінгі таңға дейін ішімдік ішкен ер азамат іздеуде жүр. Ал келіншекке жаза ретінде сот бір жылға бас бостандығынан айыру және айыппұл салу туралы шешім шығарды.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM