Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Кабул: Тәжікстанды паналаған 2300 ауған жауынгері елге оралды

KAZAKBOL.COM

Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздігі жөніндегі кеңесшінің хабарлауынша, Тәжікстан аумағын паналаған 2300 ауған сарбазы елге оралды.

Тәжікстан билігі әзірге осы мәліметке қатысты ақпарат бермеді. Бірақ 6 шілдеде жергілікті ақпарат құралдары ауған сарбаздарының бір бөлігін Кабулға жөнелту үшін Куляб әуежайына жеткізгенін хабарлаған.

Ауған жауынгерлерінің елге оралғанын Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздігі жөніндегі кеңесшісі Хамдулла Мухиб сейсенбі күні журналистерге хабарлаған. Оның айтуынша, елге оралған сарбаздар Бадахшан провинциясының астанасы Файзабадты қорғауға жөнелтілген.

«2300 жауынгер Ауғанстанның қорғаныс және қауіпсіздік күштеріне қосылды. Тәжікстанды паналауға мәжбүр болғандар енді Файзабад халқын қорғап жүр», — деді ол.

Мухиб ауған сарбаздарының елге қалай жеткізілгені туралы ештеңе айтпады.

Озоди радиосы дереккөзінің хабарлауынша, Тәжікстандағы ауған сарбаздарын елге қайтару мәселесін 4 шілдеде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Ауғанстан президенті Ашраф Гани талқылаған.

Бұның алдында тәжік билігі жүздеген ауған сарбазы тәжік-ауған шекарасы арқылы Тәжікстанға өткенін хабарлаған. Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасындағы Шерхан Бандар бақылау-өткізу бекетін «Талибан» қозғалысының содырлары басып алған соң, үкімет сарбаздары Тәжікстан аумағына қарай қашқан. Сол кезде, 22 шілдеде 134 ауған сарбазы көрші елге өткен.

Одан соң жүздеген ауған жауынгері Әмудария арқылы Тәжікстан аумағына өтті. Тәжік билігі ел аумағына барлығы 1700 ауған сарбазы өтті деп хабарлады. Енді ауған шенеунігі 2300 ауған жауынгерінің елге оралғанын айтып отыр.

Тәліптер Ауғанстанның солтүстігінде Тәжікстанмен шекаралас жатқан ондаған округты басып алғанын хабарлады.

Ауғанстандағы жағдай Тәжікстанды алаңдатып отыр. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 5 шілдеде Ауғанстандағы жағдайды Ресей, Қазақстан және Өзбекстан жетекшілерімен бірге талқылады. Сол күні Эмомали Рахмон шекараға 20 мың жауынгер орналастыруды тапсырды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM