Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Калифорнияда атыстан 7 адам қаза тапты

KAZAKBOL.COM

Дүйсенбі күні Калифорнияның Сан-Францискодан 35 шақырым қашықтықта орналасқан Хаф Мун Бэй қаласында оқ атылып, 7 адам қаза тауып, біреуі ауыр жараланды. Бұл Калифорния штатында үш күн ішінде болған екінші оқ ату оқиғасы.

67 жастағы күдікті Чунли Чжао оқиғадан кейін екі сағаттан соң қолға түсті. Ол қамауға алынды, көлігінен жартылай автоматтандырылған тапаша табылған.

Шабуыл саңырауқұлақ өсіретін фермада болған. Ферманың төрт адамы қаза тапты. Тергеу мәліметі бойынша, күдікті осы фермада жұмыс істеген.

Сенбі күні Лос-Анджелес түбіндегі Монтерей-Парк қаласында атыстан 11 адам қаза тауып, 10-ы жараланды. Күдікті Хуу Кан Тран өзін-өзі өлтірген. Қылмыс не себепті болғаны әзір белгісіз, тергеу жалғасып жатыр.

Полицейлер мен жергілікті саясаткерлер қақтығыс кезінде күдіктінің қолындағы тапаншаны тартып алған адамдарға алғыс айтты. Полиция Алхамбра қаласындағы би студиясына да шабуыл жоспарланған болуы мүмкін деп отыр. Күдіктінің екі тапаншасы табылған, оның бірі Калифорния штатында заңсыз қару деп танылған.

Монтерей-Парк пен Алхамбра – Лос-Анджелестің шетіндегі қалалар. Онда негізінен Азия елдерінен шыққандар тұрады. Азия елдерінде осы күндері тойланатын Жаңа жыл мерекесіне мыңға жуық адам жиналған. Монтерей-Парктегі куәгерлерлердің сөзінше, қыдырып жүргендер атылған оқтың дыбысын әуелі отшашу екен деп ойлаған.

АҚШ-та азаматтардың елге қарата оқ жаудыруы жиі кездесетін жайтқа айналды. Бұл оқиғалар тізбегі қару ұстау құқығы туралы талқыға түрткі болып отыр. Елдің заңы бойынша, азаматтар суық қару ұстауға құқылы және конституцияда белгіленген негізгі құқықтарының бірі деп біледі. Осы секілді шабуылдан кейін қару ұстауды бақылау керек деген үндеулер көп айтыла бастады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM