Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Калининградта өзбек мигранттары айлықтың аздығын айтып, төлқұжатын қайтаруды талап етіп жатыр

KAZAKBOL.COM

Ресейдің Калининград облысында балық комбинатында істеген өзбек мигранттары айлықтың аздығына даттанып, жұмыс берушілер төлқұжатын тартып алғанын айтып шағымданады.

«Черкесияда өте ауыр жағдайда жұмыс істейтінімзді айтқаннан кейін, бізге бір агенттіктен адамдар келіп, «Калининградта сағатына 125 рубль (1,7 доллар) төлейтін тағы бір жұмыс бар» деп айтты. Бізге жұмыс тауық фабрикасында екенін айтқан, бірақ барғанда «За Родину» зауытында балық тазалау керек екен. Біз бұл жағдайға көңіліміз толмайтынын айттық. Бірақ олар біздің төлқұжатымызды тартып алды, ұшақ билеті үшін әрқайсымыз 50 000 рубль төлеуіміз керек екенін айтты», — деді жұмысшылардың бірі.

Мигрант Одилжонның айтуынша, бұл жерде 500-ден астам адам жұмыс істейді. Олардың көбі — өзбекстандықтар. Кері қайтуға ақша жоқ болғандықтан, олар жұмыс берушінің барлық талабына көнуге мәжбүр болып отыр.

Өзбекстандық жұмысшылар «Григорян» рекрутинг компаниясынан төлқұжатын қайтаруды өтініп, компанияға болған қарызын үш-төрт айдың ішінде төлеуге уәде етіп жатыр.

2020 жылға дейін Өзбекстанда жеке агенттіктер мигранттарға шетелде жұмыс тауып берумен айналысып келген. Бірақ тіркеуден өткен 103 агенттіктің тең жартысының лицензиясы жойылған.

Осыдан кейін мигранттарды шетелге жіберу ісін сыртқы миграция агенттігі қолға алған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM