Шымкент қаласының Полиция департаменті ескертеді!
Қалта ұрлығының басым бөлігі адамдар көп шоғырланатын жерлерде орын алады (сауда орындар, қоғамдық көліктер, дүкендер, супермаркеттер, ойын-сауық орталықтар және т.б.). Әдетте, қылмыстық қол сұғушылық объектілері ұялы телефондар мен әмияндар болады. Қалта ұрысының құрбаны болмау үшін есте сақтау қажет:
· Қоғамдық орында жүргенде, өз заттарыңызды қадағалап және мұқият болу қажет.
· Шалбарыңыздың артқы қалтасына телефондар мен әмияндарды салмаңыздар.
· Әмиянды ашық сөмкеге, оның ішіндегі заттардың үстіне қоймаңыз.
· Ақшаны, телефондарды және басқа да құнды заттарды бөгде адамдар үшін қол жетімсіз жерде ұстаңыз.
· Сөмке мен қалтаңыздың әрдайым түймеленуін қадағалаңыз.
Егер де Сіз, қылмыстың құрбаны немесе куәгері болсаңыз дереу полицияға «102» сымтетігі арқылы хабарлаңыз.
Шымкент қ. Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
KAZAKBOL.COM