Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстан: Шекараға шабуыл жасаған 17 содырдың көзі жойылды

KAZAKBOL.COM

Тәжікстанның шекаралық әскер басқармасы 6 қарашаға қараған түні тәжік-өзбек шекарасына қарулы топтың шабуыл жасап, бір милиция қызметкері және бір шекарашы қаза тапқанын хабарлады.

«6 қарашаға қараған түні сағат 3:23-те маска киген 20 шақты адамнан құралған қарулы топ «Султанабад» шекаралық отряды бақылауындағы №4 «Ишкибод» шекаралық заставасын атқылап, шабуыл жасады. Шабуыл кезінде олар бес қару-жарақты тартып алды. Күштік құрылымдардың операциясы нәтижесінде қарулы топ қоршауға алынып, 15 мүшесінің көзі жойылды, бесеуі ұсталды» делінген басқарма хабарламасында.

Шекаралық әскер басқармасының баспасөз қызметі шұғыл-тергеу тобы құрылып, тергеу жалғасып жатқанын хабарлады. Олардың айтуынша, қарулы топ мінген төрт көлік те жанып кеткен.

Азаттықтың Тәжік қызметін әскерилер оқиға орнына жібермеді. Мемлекеттік ақпарат агенттіктері жариялаған суреттерден өлген адамдардың қара түсті киім кигені көрінеді.

Билік шабуылдаушылар туралы толық дерек таратпады. Қаза тапқан шекарашы мен ішкі істер министрлігінің өкілінің де аты-жөнін әзірге айтпады.

Азаттықтың Тәжік қызметінің хабарлауынша, бұл оқиғадан кейін жолдар жабылып, Душанбе мен оған жақын жатқан елді мекендерде қауіпсіздік шаралары күшейген. Бекеттен өткен көліктер тексеріліп жатыр.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM