АҚШ пен Канаданың ғалымдары 2016 жылы Солтүстік Америкадағы бір өзеннің жоғалып кеткенін анықтады.
Юконда орналасқан Слимс өзені тартылып қалған. Өзеннің жоғалуына материктің төменге қарай тереңдеп кетуі себеп болған. Бұл өзгеріс ғасырлар бойы қалыптасқан табиғат жүйесін бұзып, ағынды суларды солтүстікке қарай емес, оңтүстікке қарай бұрып жіберген.
Ғалымдар бұның себебін жаһандық жылынудан көріп отыр. 2015 жылы ағып жатқан өзеннің жоғалып кеткенін мамандар ғарыштан түсірген суреттер арқылы анықтаған.
Ғалымдар өзеннің жергілікті экожүйеге әсер еткенімен, адамдарға төндірер қаупі жоқтығын айтып отыр.
Дереккөз: lenta.ru
KAZAKBOL.COM